ШҚО құрылыс, сәулет
және қала құрылысы басқармасы
мемлекеттік мекемесі
На главную
Подписка на новости
Написать письмо
Карта сайта
Kaz Rus
Парақтар өзгертілді: 11-02-2010

Сыбайлас жемқорлық

Проект «Антикоррупционных стандартов сотрудников Управления строительства, архитектуры и градостроительства Восточно-Казахстанской области *.rar 8 MB
Результат антикоррупционного мониторинга *.doc 8 MB

Өзіңнен баста!

Мемлекеттік қызметші басшылыққа алатын Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес, сондай-ақ  «Нұр-Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» атты партия жобасын жүзеге асыру шеңберінде және «Өзіңнен баста» Республикалық акциясының негізінде «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысы – Мәди Жангелдіұлы Отарбаев 2015 жылғы 1 шілдеден 2016 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңдегі жалақысы 2 539 017,37 теңгені құрайтынын, 2016 жылғы айлық лауазымдық жалақысы 238 869,81 теңгені құрайтынын жария етеді.

2015 жылғы 11 айда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын Шығыс Қазақстан облысында  іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын орындау үшін, Қазақстан Республикасында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралардың өңірлік жоспарына және Шығыс Қазақстан облысында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-әрекет жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында 2015 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Аталған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында 2015 жылғы 11 айда келесі жұмыстар атқарылды:
Басқарманың әкімшілік ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі мәтіні бар стенд, мемлекеттік рәміздер (елтаңба, ту, әнұран) орналастырылды, Басқармада лауазымды тұлғалардың заңнан тыс әрекетіне азаматтардың өтініштері мен шағымдары үшін ашық жәшік орналастырылды.
Сонымен қатар, «Тұлғалар өтініштерінің бірыңғай есептілігі» ААЖ электрондық бағдарламасы орнатылды, басқарманың жауапты маманымен азаматтардың өтніштерін уақытында орындауға үнемі бақылау жүргізілуде. Мәліметтер тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ШҚО бойынша басқармасына жіберіледі. Келіп түсетін құжаттарды тіркеу журналы жүргізіледі. Басқармада сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары мәселелері туралы азаматтардың өтініштері фактілері жоқ. Құқықтық статистика өңірлік орталығымен нормативтік-құқықтық актілердің деректер қорын жаңарту ай сайын жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша регламенттер әзірленді.2015 жылғы екінші жартыжылдықта 1 адамның біліктілігі артылды, Басқарманың 6 қызметкері қайта даярлау курстарын өтті.

 

«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің 2016 жылға арналған жоспары *.doc 40 kb
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi  2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны Шығыс Қазақстан облысында  іске асыру жөніндегі 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары *.doc 101 kb

 

Парақтар өзгертілді: 06-05-2019
GISMETEO: Погода по г. Усть-Каменогорск


Copyright © 2007-2019

Мерекенова
Назым Сагынышбековна

e-mail: stroiarhvko@mail.ru
тел. 87232 266-546