|
Проект
2009 жылы бюджет саласының объектілерін салуға және қайта жаңартуға әзірленіп жатқан жобалау алды (ТЭН) және жобалау-сметалық құжаттамалардың (ЖСҚ) жалпы - 34 (ЖСҚ -31 және ТЭН -3) санының:
- 15 жобасы (ЖСҚ – 14 және ТЭН – 1) әзірленді және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды;
- соның ішінде, жобалануы 2007-2008 жылдары басталған -13 жоба, 2009 жылы басталған – 2 жоба (ЖСҚ -1 және ТЭН – 1) аяқталды;
- 2010 жылы тапсырылуға тиісті -19, соның ішінде: ЖСҚ -17 және ТЭН – 2 құжаттаманы әзірлеу аяқталып қалды, оның 8 жобасы - 2009 жылдың екінші жартысында басталған;
- мемлекеттік сараптаманың қарастыруында 9 ЖСҚ жатыр;
- 2009 жылы басталғандардың 8 ЖСҚ 2010 жылы мемлекеттік сараптамаға жіберілетін болады.
Атап өту қажет, облыс әкімімен жобалаудың мерзімдері және сапасы бойынша құрылыс басқармасының алдына қойылған міндеттердің, сондай-ақ, 2007 жылдан бері жобаларды әзірлеу мерзімдерін созып алған, ал кейбір жобалау-сметалық құжаттамалар бойынша әзірлеу жұмыстарын мүлдем аяқтамаған жекелеген жобалау институттарының атына айтылған қатаң сынның арқасында соңғылары жобаларды аяқтауды тездету жөнінен тиісті шаралар қабылдады. Мысалы, «Востокагропромпроект» ЖШС (директор Ж.К. Орынтаев) көбісі 2007 жылдан бері созылып келе жатқан 5 жобаның 4 жобасын аяқтады және оларға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды, қалған жоба бойынша келісімдер алынды, құжаттаманы «Мемсараптама» РМК (Астана қ.) қарастыруына тапсыруға дайындауда.
Сондай-ақ, облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Үржар ауданының Науалы және Қаратума ауылдарындағы 320 орынға арналған орта мектептің, Күршім ауданынң Күршім ауылындағы 600 орынға арналған мектеп-гимназияның, Глубокое ауданының Бобровка ауылындағы 320 орынға арналған орта мектептің құрылыстарының жобалау-сметалық құжатамалары қысқа мерзімде әзірленіп, жобалар бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Іс жүзінде тексерілген қайталап қолдану жобаларын пайдалану, сондай-ақ жергілікті жағдайға байланыстыру барысында оларды пысықтау аталған мектептерді жобалау кезінде объектінің жобалау сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
Бұдан басқа, жобаларды қайталап қолдану есебінен бюджет қаражаты айтарлықтай үнемделді (орташа есептік құн 12-15 млн.теңге болса, байланыстыру құны 4,5 млн.теңгені құрады).
|