Kaz Rus
 
Басқармасы туралы
 
Виртуальды
қабылдау бөлмесі
 
Mемлекеттік
сатып алу
 
Mемлекеттік
рәміздер
 
Нормативтік-құқықтық
база
 
Нысандар
құрылысы
 
Тұрғын үй
құрылысы
 
Құрылыс
ұйымдары
 
Аймақтық
бағдарламалар
 
Фотомұрағат
 
Құрылысшылар күні
 
Сұрақ-жауап
 

Аймақтық бағдарламалар

Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үйлерін, ғимараттары мен құрылыстарын зерттеу және сейсмикалық күшейту жөніндегі 2008-2019 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы

Мазмұны

1

Бағдарлама паспорты

2

Кіріспе

3

Проблеманың қазіргі заманғы жағдайын талдау

4

Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері

5

Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру механизмі

6

Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері

7

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

8

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

9

Бағдарламаның І кезеңін іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді кезеңіне іс-шаралар жоспары

 

 

1. Бағдарлама паспорты

Атауы

Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үйлерін, ғимараттары мен құрылыстарын зерттеу және сейсмикалық күшейту жөніндегі 2008-2019 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы

Әзірлемені іске асыру үшін негіздеме

 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 43-ө өкімімен бекітілген Мемлекет басшысы Қазақстандағы сейсмикалық қауіптілік және жер сілкіністерін болжау мәселелері бойынша қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 11-тармағы

Әзірлеушілер

Шығыс Қазақстан облысының құрылыс департаменті; Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау департаменті

Мақсаты

Сейсмикалық қауіпсіздікті барынша арттыру, Шығыс Қазақстан облысының сейсмикалық қауіпті аудандарындағы нысандарды паспорттау, облыстың сейсмикалық қауіпті қалалары мен елді мекендерінде нысандар құрылмасын күшейту арқылы күшті жер сілкіністері нәтижесінде болатын зардаптарды азайту

Міндеттері

Облыстың ірі елді мекендерін сейсмикалық шағын аудандарға бөлу карталарын жасау;
Нысандарды паспорттау үшін сейсмикалық қауіпті аудандардағы ғимараттар мен құрылыстарды егжей-тегжейлі техникалық зерттеуді жүргізу;
Сейсмикалық қауіпті аудандардағы денсаулық сақтау, білім беру және өндірістік нысандарды сейсмикалық күшейту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру

Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері

Бағдарламаны іске асыру үшін сейсмикалық қауіпті азайту және сейсмикалық қауіпсіздікті бағалау жөніндегі алғашқы  іс-шаралар жүргізу қажет. Осылайша,  сейсмикалық шағын аудандарға бөлу карталарын жасау үшін облыстық бюджеттен 80 млн. теңге көлемінде қаражат  бөлу қажет.  Бағдарламаны іске асырудың І кезеңіне қосылған денсаулық сақтау, білім беру нысандарын егжей-тегжейлі техникалық зерттеу және паспорттауды жүргізу үшін 2008-2010 жылдары облыстық бюджет қаражаты есебінен 913,847 млн. теңге бөлу қажет. Бағдарламаны іске асырудың І кезеңі 2008-2010 жылдардың орта мерзімді кезеңіне әзірленді. Бағдарламаны іске асырудың ІІ кезеңіне қосылған аталған нысандардың жылжымалы құрылымдарын күшейту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін  облыстық бюджет қаражаты есебінен 14505,469 млн. теңге бөлу қажет. Бағдарламаны іске асырудың ІІІ кезеңіне кіретін тұрғын үй нысандарын егжей-тегжейлі техникалық зерттеу және паспорттауды жүргізу үшін 2017-2019 жылдары облыстық бюджет қаражаты есебінен 3850,887 млн. теңге бөлу қажет.
Жеке инвестициялар – жеке меншіктегі нысандарды  егжей-тегжейлі техникалық зерттеу және күшейтуді жүргізу үшін қажетті мөлшерде.

Күтілетін нәтижелер

Бағдарламаны іске асыру мынадай мәселелерді шешеді:
- Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің  сейсмикалық шағын аудандарын анықтау;
-  облыстың нысандарын  егжей-тегжейлі техникалық зерттеу және паспорттауды жүргізу;
- қолда бар құрылыстардың құрылымдарын күшейту

Іске асыру мерзімі

І кезең - 2008-2010 жылдар
ІІ кезең – 2011-2016 жылдар
ІІІ кезең – 2017-2019 жылдар

2. Кіріспе

         Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үйлерін, ғимараттары мен құрылыстарын зерттеу және сейсмикалық күшейту жөніндегі 2008-2019 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 43-ө өкімімен бекітілген Мемлекет басшысы Қазақстандағы сейсмикалық қауіптілік және жер сілкіністерін болжау мәселелері бойынша қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 11-тармағына сәйкес әзірленді.
Жыл сайын жер жүзінде жер сілкіністері болып тұрады. Көп жағдайда олар  халық аз қоныстанған жерлерде болып, байқалмай қалады. Сонымен қатар, халық көп қоныстанған қалалар мен аудандарда қатты жер сілкіністері сирек болатын жағдай емес, жүздеген және мыңдаған адамдардың өмірлерін әкетіп, үлкен қиратуларға әкеліп соғады.
Дүние жүзінде, сонымен қатар, біздің елімізде де күшті жер сілкіністері салдарынан болатын зардаптарды азайту жөнінде іс-шаралар жүргізіледі, бірақ табиғат адамның бақылауына бергісіз болып қала береді, осылайша біз онымен барлық тәсілдермен күресуге мәжбүр боламыз. Қорғанудың нақты тәсілдерінің бірі ғимараттар мен құрылыстардың жағдайларын күні бұрын бағалау негізінде оларды физикалық  күшейту  жөніндегі дер кезінде тиімді шараларды қабылдау  болып табылады.
Дүлей зілзалаға қарсы күрес кешеніндегі аса маңызды басты міндет жер сілкіністерінен инженерлік қорғану болып  табылады. Көп жағдайларда қолда бар ғимараттардың, құрылыстардың сейсмикалық толқулар әсерінен бұзылуы олардың құрылымының жағдайына байланысты болады.
Сейсмикалық жүктемелерді қарастыруға болады, жер сілкінісі кезінде бұзылмайтын етіп салуға болады, бірақ бұл жағдайда да  зақымданулар қаупі қала береді. Шаруа тек қана сенімді құрылыста ғана емес, сондай-ақ құрылысты дұрыс пайдалану мен үздіксіз геофизикалық бақылауда. Сондықтан жер сілкіністерінен қорғайтын инженерлік қорғаныс сейсмикаға төзімді ғимараттар мен құрылыстар салуға, олардың құрылымдарының жылжымалылығын күшейтуге, сейсмикаға төзімсіз элементтерін ауыстыруға, құрылыстардың мықтылығын арттыруын қамтамасыз ететін қосымша құрылымдық шешімдерді қабылдауға бағытталған құрылыс жұмыстарын жүргізуді қарастырады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл шаралар  тек қана материалдық шығынды азайтып қоймай, сондай-ақ орны толмас шығынның санын мейлінше азайтуға мүмкіндік береді.
1990 жылы болған Зайсан жер сілкінісінен кейін Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысынында сейсмикалық белсенділік артып, күшті жер сілкіністерінің пайда болу қаупі де арта түсті.
1997 жылы Ақсуат ауданында (6 мектеп және аудандық аурухана зақымданды, зиян – 24,4 млн. теңгені құрады) күші жағынан әлсіз жер сілкінісі (3 балдан 5 балға дейін) Шығыс Қазақстан облысына жақын орналасқан Қытай аумағында болды. 1999 жылы  Күршім ауданында  (Қаратоғай ауылындағы мектеп зақымданып, зиян – 2,2 млн. теңгені құрады); 2003 жылы Зырян ауданында (көп қабатты 3 тұрғын үй зақымданды); Күршім ауданында (11 мектеп, 2  аурухана, 2 мәдениет үйі зақымданды, зиян – 15,4 млн. теңгені құрады); Тарбағатай ауданында (13 мектеп, аудандық аурухана, 4 мәдениет үйі зақымданды, зиян – 22,2 млн. теңгені құрады); Көкпекті ауданында (Көкпекті ауылының мектебі, зиян – 5,6 млн. теңгені құрады).
Келтірілген барлық мысалдар бірқатар мәселелердің бар болуына және оларды тез арада шешу қажеттігіне назар аударуға мәжбүр етеді. Бұл көкейкесті мәселелердің бірі тұрғын үй қоры мен инфрақұрылым нысандарын қолда бар құрылыс құрылымын күшейту есебінен сейсмикалық қауіпсіздендіруді қамтамасыз ету болып табылады.
Сейсмикалық қауіп деңгейін төмендетудің әртүрлі жолдары бар, олардың ең бастысы аса қауіпті аудандарда тұрмау, икемдену, яғни жобалау және құрылыс жүргізу кезінде сейсмикалық қауіпті ескеру, барлық деңгейдегі билік органдарының жедел ден қоюға дайындағы, құтқару және қалпына  келтіру жұмыстары кезінде шығындарды азайту болып табылады. Жоғарыда аталғандарды іске асыру үшін уақыттың нақтылы масштабында үздіксіз сейсмикалық мониторинг жүргізу қажет.

3. Проблеманың қазіргі заманғы жағдайын талдау

         Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 154 бұйрығына сәйкес 2006 жылғы 1 шілдеде  2.03-30-2006 «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» ҚР ҚНмЕ қабылданып, күшіне енгізілді. Аталған ҚНмЕ 2-қосымшасында Өскемен, Риддер қалаларындағы және Шығыс Қазақстан облысының басқа да елді мекендеріндегі сейсмика 6-дан 7 балға дейінгі арттырылды, осыған байланысты шағын аудандарға бөлу карталарын жасау, сейсмикалық аса қауіпті аудандарда орналасқан  сейсмикаға төзімсіз ғимараттар мен құрылыстардың тізімін анықтау және осы нысандардың құрылымдық жағдайын бағалау қажет.
ҚР 2.03-30-2006 ҚНмЕ сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша  сейсмикасы 7 және одан да көп 89 елді мекен орналасқан. Сейсмикалық қауiптi аймақтар Өскемен, Риддер, Зырян қалалары мен Зырян, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандарын қамтиды.
Облыстың қалалары мен аудан әкімдіктері ұсынған ақпарат бойынша   Өскемен, Риддер, Зырян қалалары мен Зырян, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандарында орналасқан  әлеуметтік-мәдение маңыздағы және тіршілікті қамтамасыз ететін 476 нысанның 45-і қанағаттанарлықсыз; 8 нысан апаттық жағдайда;  6 иесіз қалып, бұзылған. 471 нысанда мамандандырылған ұйымдардың ғимараттар мен құрылыстар құрылымдарының жағдайы туралы зерттеулерінің нәтижелері жоқтығын ескермесек, қанағаттанарлық жағдайда деп айтуға болады. Мамандандырылған ұйымдар ғимараттар мен құрылыстар құрылымдарының жағдайына қажетті зерттеулерді  сол жұмыстарды жүргізу бойынша сәйкес зертханалары мен лицензиялары бар тек 58 нысан бойынша жүргізді.
Тұрғын үй қоры жағдайы туралы қалыптасқан жайт Өскемен қаласы (сейсмикасы 6-дан 7 баллға арттырылғаны ескеріліп, мысал ретінде алынды) бойынша жақсы көрінеді. Өскемен қаласының тұрғын үй қоры жалпы ауданы 4,9 млн. шаршы метрден асатын 1589 тұрғын үйден тұрады. Техникалық жағдайын зерттеу 57 тұрғын үй бойынша жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша 45 тұрғын үй аппаттық, 12-сі қанағаттанарлық жағдайда екендігі анықталды.
Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарындағы жағдай мынадай. Облыстың «Қазмырыш» АҚ, «ҮМЗ» АҚ, ӨК ТМК ірі метталургиялық кәсіпорындары өздерінің алаңшаларында орналасқан қауіпті нысандарды жыл сайын техникалық зерттеуден өткізіп отырады. Ғимараттар мен құрылыстар құрылмаларының техникалық жағдайы туралы қорытындысы бар нысандардың саны нысандардың жалпы санының үштен бірін құрайды. Мысалға, 368 ықтимал қауіпті нысандардың 98-і бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жүргізілгеннен кейін құрылмаларды қажетті зерттеу жөніндегі іс-шаралар бір де бір нысанда жүргілген жоқ. Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі басқармасы кәсіпорындар басшыларына қолда бар құрылысқа мамандандырылған зерттеу жүргізу және сейсмикалық қауіпсіздікті бағалау қажеттігі туралы тапсырмалар беріп отырады.
Осылайша, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы бар проблемаларды біртіндеп шешуді, жер сілкінісі салдарынан болатын материалдық шығындарды болжауды, сондай-ақ, құрылмаларды күшейту арқылы шығындарды барынша азайтуды талап ететін кешенді проблема болып табылады.

4. Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері

Бағдарламаның мақсаты  сейсмикалық қауіпсіздікті барынша арттыру, Шығыс Қазақстан облысының сейсмикалық қауіпті аудандарында әлеуметтік, экономикалық, экологиялық қауіпті төмендету, қолда бар құрылыстарды күшейту және қайта құру арқылы күшті жер сілкіністері салдарынан болатын залалдарды азайту.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
1) облыстың ірі елді мекендерін сейсмикалық шағын аудандарға бөлу карталарын жасау;
2) нысандарды паспорттауды іске асыру үшін сейсмикалық қауіпті аудандарындағы ғимараттар мен құрылыстарды егжей-тегжейлі техникалық зерттеуден өткізу;
3) сейсмикалық қауіпті аумақтардағы денсаулық сақтау, білім беру және өндірістік нысандарын сейсмикалық күшейту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру механизмі

Өңірлік бағдарлама күшті жер сілкіністері салдарынан болатын шығындарды төмендету жөніндегі кезекті іс-шараларды жүргізуді болжайды және шартты түрде 3 кезеңге бөлінген.
Біріншіден, облыстың елді мекендерін сейсмикалық шағын аудандарға бөлу карталарын жасау, сейсмикалық қауіпті аудандардағы денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй және өндірістік нысандарын егжей-тегжейлі техникалық зерттеуді жүргізу, сондай-ақ осы нысандарды мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымдарымен паспорттау. Бұл іс-шараларды іске асыру облыстық деңгейде жүргізіледі. Денсаулық сақтау, білім беру және өндірістік нысандарын зерттеуді іске асыру кезеңі 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімге әзірленген Бағдарламаны іске асырудың 1-кезеңінде  жүргізу жоспарланады. Тұрғын үй нысандарын зерттеу 2017-2019 жылдар іске асыру мерзімімен Бағдарманың 3-кезеңіне енгізілді. Осыған қосарлас, техникалық зерттеу жүргізуге қарай аталған нысандарды паспорттауды облыстың қалалары мен аудан әкімдерімен, Денсаулық сақтау департаментімен, Білім департаментімен (бейіні бойынша), Құрылыс департаментімен,  ШҚО ТЖ және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі басқармасымен (өнеркәсіптік маңыздағы нысандар бойынша), жалпы жиын Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау департаментімен жүргізілетін болады.  
Екіншіден, денсаулық сақтау, білім беру нысандары құрылымдарын зерттеу нәтижелері бойынша  ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеуді қоса ғимараттар мен құрылыстар құрылмаларын күшейту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру облыстық бюджет қаражаты есебінен қарастырылады. ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаражаттар ғимараттар мен құрылыстар құрылмаларын күшейту жұмыстарын орындаудың құнына  қосылды. Құрылымдарды күшейту және ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар Бағдарламаның 2-кезеңінде жүргізіледі (2011-2016 жылдар). ЖСҚ әзірлеу, құрылмаларды күшейту бойынша құрылыс-жинақтау жұмыстарын орындаушыларды анықтау бойынша іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Үшіншіден, сейсмикалық күшейтуден өткен нысандарды паспорттау арқылы  әлеуметтік және өнеркәсіптік маңызы бар нысандар жағдайын түпкілікті талдау (2011-2016 жылдар). Мұнда жауапты орындаушылардың міндетті түрде жүргізілген жұмыстар тізбесін қосумен, жалпы дерекқор құруды ескеру қажет.
Өнеркәсіптік маңызы бар нысандар бойынша аталған іс-шараларды осы жұмыстарды жүргізуге бөлген өз қаражаттары шегінде міндетті түрде облыстың кәсіпорындары жүргізеді. Осы іс-шараларды орындау жөніндегі ақпараттарды жинау Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі басқармасына жүктеледі.

6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері

Өңірлік бағдарламаның іс-шараларын іске асыру үшін қажетті инвестициялардың жалпы көлемі 19350,203 млн. теңге мөлшерінде жоспарланып отыр, оның ішінде зерттеулерді жүргізуге  4764,734 млн. теңге, ғимараттар мен құрылыстар құрылымдарын қажетті күшейтуге 14505,469 млн. теңге облыстық бюджет қаражаты, Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерін сейсмикалық шағын аудандарға бөлу карталарын жасауға 80 млн. теңге.
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру үшін облыстық бюджет қаражатынан басқа әртүрлі бюджеттен тыс көздер, меншік түріне қарамастан өзінің өңірін сейсмикалық қауіпсіздендіруге мүдделі кәсіпорындар, жеке ұйымдар қаражаттары тартылуы мүмкін.
Бағдарламаны 2008-2019 жылдары іске асыру үшін қажетті бюджеттік қаражат көлемі 1-кестеде көрсетілген және тиісті жылға облыстық бюджет жобасын құруда нақтыланатын болады.

1-кесте

Бағдарламаны іске асыруға қажетті қаражат сомасы

Кезең

Сома, млн. теңге

Қаржыландыру көзі

2008 ж.

292,108

облыстық бюджет

2009 ж.

337,179

облыстық бюджет

2010 ж.

364,560

облыстық бюджет

2011 ж.

1500,0

облыстық бюджет

2012 ж.

1900,0

облыстық бюджет

2013 ж.

2400,0

облыстық бюджет

2014 ж.

2800,0

облыстық бюджет

2015 ж.

2800,0

облыстық бюджет

2016 ж.

3105,469

облыстық бюджет

2017 ж.

1093,886

облыстық бюджет

2018 ж.

1254,959

облыстық бюджет

2019 ж.

1502,042

облыстық бюджет

Ғимараттар мен құрылыстар құрылымдарын күшейту бойынша өлшеу-зерттеу жұмыстары  шығындарының құнын анықтау үшін ҚР РДС 8.02-13-2003 «Кеңейту, қайта құру және нысандарды техникалық  қайта қаруландыру кезінде, сондай-ақ жер сілкіністерінен және табиғи және техногендік сипаттағы әрекеттерден бүлінген кезде ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіру үшін паспорттау және өлшеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған» бағалар жинағы  пайдаланылды.
Есептеу 2003 жылдың ағымдағы бағаларындағы тікелей шығындар деңгейінде жұмсалатын шығындарсыз тұрғын үй азаматтық ғимараттың құрылыстық көлемінің 100 текше метрінде жүргізілді. 2007 жылға шығындарды есептеу үшін ағымдағы жылдың АЕК-ін (айлық есептеу көрсеткіші) 2003 жылдың АЕК-не қатынасын көрсететін коэффициент пайдаланылды.
Ғимараттар мен құрылыстар құрылымдарының өлшеу-зерттеу жұмыстары 100 текше метрінің құны 19376.66 теңгені құрайды, есептеу кезінде мынадай факторлар ескерілді:

  1. 7 және одан да жоғары сейсмика;
  2. күрделілік сипаты (ғимарат күрделілігі ІІ санатты);

- өлшеу жұмыстарын орындауды, пісіру жігінің биіктігі мен ұзындығының  мөлшерімен, тойтарма шегелердің диаметрін, бұрандаларды және олардың адымдарымен темір-бетон құрамаларды арматурлауды анықтап, құрылымдардың өзара  түйісу түйіндерімен жабын мен төсеніш құрамын, сызбалар мен фотосуреттер құрастыру және шығарумен анықтаудан тұратын  жұмыстар күрделілігі ІІ санатты;
-  құралымдағы кірпіш қалауының мықтылығын анықтау;
- ғимараттардың құрылыстық құралымдарының  жылжымалылығын анықтау;
- ғимараттардың құрылыстық құралымдарын күшейту және қалпына келтіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.
Сейсмикалық қауіпті аудандарда  тұрғын және қоғамдық ғимараттар құралымдарын күшейту бойынша жұмыстардың құрамы мен мөлшерлі құнын анықтау үшін cейсмикаға төзімді құрылыс және сәулет қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу жобалау-тәжірибелік институты әзірлеген Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің анықтамалық құралы  пайдаланылды.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

Бағдарламамен қарастырылған іс-шаралар сейсмикалық қауіпті төмендетуге, мүмкін болатын экономикалық және әлеуметтік ауытқуларды азайтуға, екінші қайталанған сейсмикалық факторлары салдарынан болатын техногендік сипаттағы экологиялық зардаптар мен апаттардың алдын алуға бағытталған.
Бағдарламаны іске асыру Елбасының сейсмикалық қауіптілік және жер сілкіністерін болжау мәселелері бойынша қойған міндеттерін шешуге мүмкіндік береді, дәлірек айтқанда:
1) Өскемен, Риддер қалаларының, 9 сейсмикалық қауіпті аудан орталықтарының және осы аудандардың халық саны 2,0 мың адамнан асатын елді мекендерін сейсмикалық шағын аудандарға бөлуін анықтау;
2) облыстың  нысандарын егжей-тегжейлі техникалық зерттеу және паспорттауды жүзеге асыру (мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 109 денсаулық сақтау нысанын, 195 білім беру және 2508 тұрғын үй нысандарын);
3) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қолда бар 109 денсаулық сақтау нысанының, 195 білім беру нысанының құралымдарын күшейту.

          Скачать полную версию программы


GISMETEO: Погода по г. Усть-Каменогорск


Copyright © 2007-2010
e-mail: AselKairbekova@mail.ru
тел. 87232 266546