|
Сұрақ-жауап
Семей қаласындағы жедел жәрдем станциясының құрылысына ЖСҚ әзірлеуге конкурстық құжаттама бойынша
Сұрақ: ТЭН-де қарастырылған жобалау-іздестіру жұмыстарының сомасы «Мемлекеттік сатып алуды өткізу ережелерінің» 115-тармағына толықтыруға сәйкес демпинг бағасын анықтау үшін ҚҚС-мен анықталған ба?
Жауап: 2007 жылы әзірленген ТЭН сәйкес ЖІЖ құны – 36 504 000 теңге.
Құрылыс басқармасы РДС РК 8.02-03-2002 сәйкес ЖСҚ 2009 жылдың бағасымен есептелген, соның негізінде ЖІЖ құны азайтылған.
Жоғары аталғанның негізінде конкурстық өтінімнің құны конкурстық құжаттамада көрсетілген сомадан демпингтік болып табылады.
Сұрақ: Жобалау-іздестіру жұмыстарының 2009 жылға қарастырылған сомасы
Жауап: Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 2009 жылға бөлінген сома – 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңге.
«Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданы Аягөз қаласындағы 200 орынға арналған бала бақша құрылысы» объектісіне жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша сұрақтар мен жауаптар:
Сұрақ: Объектінің орналасқан жері (бағдарды анықтау үшін объектіні топографиялық түсірілімге түсіре отырып бас жоспардан жасалған көшірме, немесе жағдайды көрсететін көлемде түсірілген топографикалық түсірілім);
Жауабы: Объектінің орналасқан жері Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Аягөз қаласы Ақтамберді көшесіндегі мектеп-лицей аумағында.
Сұрақ: Жергілікті жердің геологиялық және гидрологиялық жағдайын сипаттау, немесе жақын маңдағы объектілерде жүргізілген геологиялық ізденістердің материалдарынан көшірме;
Жауап: Учаске мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
а) жер бедері - тыныш;
б) топырағы құмайт-саздақ;
в) гидрогеологиялық сипаттамасы - 2 м тереңдікте топырақ сулары ашылмаған;
г) басым желдер - солтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан;
д) учаске бұрындары пайдаланылмаған;
ж) учаскеде - қазір жұмыс істеп тұрған ЛЭП ВЛ-10 кВт.
Сұрақ: Жобаланудағы объектіні инженерлік коммуникацияларға қосу мүмкіндігі туралы мәліметтер, не болмаса оларға қосылудың техникалық шарттары (соның ішінде электрмен жабдықтау, канализация, сумен қамтамасыз ету, байланыс, жолдар мен кірме жолдар жүйесі).
Жауап: Сумен қамтамасыз ету және канализация жөніндегі мәліметтер пайдаланушы ұйым берген техникалық шартта қосымша берілген.
Қосымша 1 бетте.
Қосымша
Техникалық шарттар
«Аягөз су» КМК жобаланып жатқан Ақтамберді көшесіндегі 200 орынға арналған бала бақшаның ғимаратына (тапсырыс беруші - «Аягөз аудандық білім беру бөлімі») су құбырын және канализацияны мынадай шарттарда қосуды келісімдейді:
Сумен қамтамасыз ету: құрылысқа бөлінген учаске ішінде жұмыс істеп тұрған су құбырының құдығынан 12-13 метр қашықтықта солтүстіктен оңтүстікке өтетін бітеу жағынан d-200 мм су құбыры желісінен шойын құбырлардан, өртке қарсы гидрант пен бітейтін арматураны орната отырып.
Канализация: құрылыс аумағында қалалық канализациялық желілердің болмауына байланысты жобадағы бала бақшаның канализациясы мына нұсқада жүргізілсін.
Құрылыс учаскесінің бітеу жағынан солтүстіктен оңтүстікке өтетін «Лицей» орта мектебінің канализациялық желісі оған бала бақша канализациясын қоса отырып, қазандық аумағында уақытша әжіқұдық орнатумен, бала бақша мен лицейдің канализациясын осы ауданда жобаланып жатқан қалалық канализациялық желіге келешекте қоса отырып қалпына келтірілсін.
Жобаланып жатқан инженерлік желілердің трассаларындағы жер жұмыстары жерасты коммуникацияларының иелерімен келісілген.
|