ШҚО құрылыс, сәулет
және қала құрылысы басқармасы
мемлекеттік мекемесі
На главную
Подписка на новости
Написать письмо
Карта сайта
Kaz Rus
Парақтар өзгертілді: 11-02-2010

Нысандар құрылысы

«Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандардың құрылыс барысы туралы» тоқсандық есептілік " *.xls 27 KB

«Әлеуметтік-мәдени саладағы объектілердің құрылыс барысы туралы» ақпарат

2019 жылы жалпы құны 58 483,7 млн. теңге болатын 16 әлеуметтік-мәдени сала объектілерінің (11 өтпелі объектілер, 5 жаңа құрылыс объектілері) құрылысы жүзеге асырылуда. 2019 жылға дейін 24 680,6 млн.теңге (ҰҚ – 115,1 млн.теңге, РБ – 10 274,9 млн.теңге, ЖБ – 14 290,6 млн.теңге) игерілген. 2019 жылға 27 143,8 млн. теңге (РБ – 7 176,2 млн.теңге, ЖБ – 19 967,6 млн.теңге) қарастырылған, оның ішінде 2019 жылғы 1 қазанға 24 987,8 млн.теңге (РБ – 5 958,7 млн.теңге, ЖБ – 19 029,1 млн.теңге) игерілді. Жылдың соңына дейін 2 155,9 млн.теңге игерілуі қажет.

2020 жылға өтпелі қаражат көлемі 6 659,3 млн. теңгені құрайды.

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының шеңберінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде 1 320,7 млн. теңге көлемінде қаражат Үржар
(316,9 млн. теңге) және Күршім (200,0 млн. теңге) ауылындарындағы екі жүзу бассейнінің, Көкпекті (403,8 млн. тенге) ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және Глубокое кентіндегі (400,0 млн. теңге) Мәдениет үйінің құрылысына қарастырылған.

2019 жылдың қорытындысы бойынша 9 әлеуметтік-мәдени сала объектілерін пайдалануға беру жоспарланған. 2019 жылдың 1 қазанына Өскемен қаласы Уалиева көшесіндегі 1000 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 8 объектіні пайдалануға беру жоспарлануда, соныі ішінде: Өскемен қаласындағы және Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы 2 мектеп, Өскемен қаласы Новая Согра кентіндегі
«№23 орта мектеп» КММ қосымша корпус, Өскемен қаласындағы
200 орындық қалалық балалар ауруханасы, Абай ауданы Кеңгірбай би ауылындағы 100 орындық клуб, Семей қаласындағы «Абай Арена» мәдени-спорттық кешені, Глубокое ауданы Глубокое кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Өскемен қаласындағы ШҚО сапа инспекциясының көп салалы зертханасы.

2020 жылға өтпелі болып 7 әлеуметтік сала объектісі қалды, соның ішінде: Глубокое ауданы Глубокое кентіндегі мәдениет үйі, Аягөз ауданы Ақтоғай кентіндегі және Көкпекті ауданы Көкпекті ауылындағы екі дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Үржар ауданы Үржар ауылындағы және Күршім ауданы Күршім ауылындағы екі жүзу бассейндері, Өскемен қаласындаға арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы, Семей қаласындағы радиологиялық орталық.

«Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандардың құрылыс барысы туралы» ақпарат

2019 жылы әлеуметтік-мәдени салада жалпы құны 48 041,8 млн. теңге болатын (11 өтпелі, 2 жаңа объекті) 13 объектінің құрылысы (соның ішінде
2 құрылысы аяқталмаған (Арнайы ХҚКО, Радиология)) жүзеге асырылуда. 2019 жылғы дейін 24 632,3 млн.теңге игерілді. 2019 жылға 25 665,2 млн. теңге қарастырылды, соның ішінде 2 000,0 млн.теңге игерілді. Жылдың соңына дейін 23 665,2 млн.теңге игеру жоспарланған.
2020 жылға өтпелі сома - 5 341,4 млн. теңгені құрайды.
2019 жылы салынып жатқан объектілердің жалпы көлемінен 11 әлеуметтік-мәдени сала объектісін пайдалануға беру жоспарланған, соның ішінде:
- 4 білім объектісі
1). «Өскемен қаласы Уалиев көшесінде 1000 орындық мектеп құрылысы».
Тапсырыс беруші – «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ, мердігер ұйым «Жар Құрылыс» ЖШС. Шарт бойынша жалпы құны - 2 251,1 млн. теңге. 2019 жылға дейін - 1 196,7 млн. теңге игерілді. 2019 жылы 1 054,4 млн. теңге (соның ішінде РБ - 923,8 млн. теңге, из ЖБ – 130,7 млн. теңге) қарастырылған. 2019 жылғы 25 ақпанына қаражат игерілмеді. Құрылыс монтаждау жұмыстары 75% орындалған.
Пайдалуға беру мерзімі – 2019 жылғы тамыз.

2). «Өскемен қаласы Ахмер кентінде 1 000 орындық мектеп құрылысы».
Тапсырыс беруші – «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ, мердігер ұйым «СтройЭлитРиэлти» ЖШС. Шарт бойынша жалпы құны - 2 347,2 млн. теңге. 2019 жылға дейін - 1 497,7 млн. теңге игерілді. 2019 жылы республикалық бюджеттен 849,5 млн. теңге қарастырылған. 2019 жылғы 25 ақпанына қаражат игерілмеді. Құрылыс монтаждау жұмыстары 68% орындалған.
Пайдалуға беру мерзімі – 2019 жылғы тамыз.

3). «Өскемен қаласы Жаңа Согра кентіндегі «№23 орта мекетеп» КМК-на қосымша корпус құрылысы».
Тапсырыс беруші – «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ, мердігер ұйым «Беки» ЖШС. Шарт бойынша жалпы құны - 819,8 млн. теңге. 2019 жылға дейін - 319,8 млн. теңге игерілді. 2019 жылы жергілікті бюджеттен 499,9 млн. теңге қарастырылған. 2019 жылғы 25 ақпанына қаражат игерілмеді. Құрылыс монтаждау жұмыстары 54% орындалған.
Пайдалуға беру мерзімі – 2019 жылғы маусым.

4). «Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында 600 орындық мектеп пен 300 орындық интернат құрылысы».
Мердігер ұйым «ПМК Құрылыс» ЖШС. Шарт бойынша жалпы құны - 1 865,1 млн. теңге. Жобаны түзету жұмыстары атқарылуда. 2019 жылға дейін - 1 465,1 млн. теңге игерілді. 2019 жылғы 25 ақпанына қаражат игерілмеді. Жоба-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға жолданды, сараптама қорытындысын алу мерзімі – 2019 жылғы наурыз.
Пайдалуға беру мерзімі – 2019 жыл.

1 денсаулық сақтау объектісі.
«Өскемен қаласында 200 төсектік балаларға арналған қалалық аурухана құрылысы».
Мердігер ұйым «Элхон» ЖШС. Шарт бойынша жалпы құны - 13 431,1 млн. теңге. 2019 жылға дейін - 5 443,4 млн. теңге (соның ішінде РБ – 1 250,0 млн. теңге, ЖБ – 4193,4 млн.теңге) игерілді. 2019 жылы республикалық бюджеттен 4 519,4 млн. теңге қарастырылған. 2019 жылғы 25 ақпанына 2 000,0 млн. тенге игерілді. Құрылыс өндіріс кестесіне сай жүргізілуде. Құрылыс монтаждау жұмыстары 81% орындалған.
Пайдалуға беру мерзімі – 2019 жылғы қазан.

-1 мәдениет объектісі
«ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылындағы 100 орындық клуб құрылысы». Тапсырыс беруші – «Абай ауданының сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімі» ММ, мердігер ұйым «Құрылыс» ЖШС. Шарт бойынша жалпы құны - 238,1 млн. теңге. 2019 жылға дейін - 48,9 млн. теңге игерілді. 2019 жылы жергілікті бюджеттен 140,1 млн. теңге қарастырылған. 2019 жылғы 25 ақпанына қаражат игерілмеді. Құрылыс монтаждау жұмыстары 20% орындалған.
Өтпелі сома көлемі - 49,0 млн. теңге.
Пайдалуға беру мерзімі – 2019 жылғы қазан.

- 4 спорт объектісі
1) «ШҚО, Семей қаласындағы «Абай Арена» спорт кешенінің құрылысы».
Тапсырыс беруші – «Семей қаласының құрылыс бөлімі» ММ, мердігер ұйым «Фирма Азия» ЖШС. Шарт бойынша жалпы құны - 18 456,1 млн. теңге. 2019 жылға дейін - 8 000,0 млн. теңге (ЖБ) игерілді. 2019 жылы жергілікті бюджеттен 18 003,0 млн. теңге қарастырылған. Қазіргі таңда түзету жобасы ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жолданған. Жобаның түзетуден кейінгі болжамды құны - 28 851,836 млн.теңге, болжамды соманың қымбаттауы 7 947,644 млн.теңге. Мемлекеттік сараптама корытындысын алудың болжамды мерзімі 2019 жылғы наурыз айының бірінші онкүндігі. 2019 жылғы ақпан айына 3 000 млн. теңге көлемінде аванс қарастырылған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 48% орындалған. Негізгі корпустың темірконструкцияларын монтаждау жұмыстары 75% орындалған.
Пайдалуға беру мерзімі – 2019 жылғы желтоқсан (МС сәйкес).

2) «ШҚО Аягөз ауданы Ақтоғай ауылында дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысы».
Тапсырыс беруші – «Аягөз ауданының сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімі» ММ. Жалпы сметалық құны - 304,4  млн. теңге. 2019 жылы жергілікті бюджеттен 95,5 млн. теңге қарастырылған. Қазіргі таңда мердігер ұйымды анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде, өтінімдер 2019 жылғы 31 қаңтарда ашылды. Конкурстың қорытындысын шығару 2019 жылғы 26 ақпанда жүзеге асырылады.
Пайдалуға беру мерзімі – 2020 жыл.

3) «ШҚО Аягөз ауданы Аягөз қаласындағы хоккей модулінің құрылысы».
Тапсырыс беруші – «Аягөз ауданының сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімі» ММ. Жалпы сметалық құны - 942,7  млн. теңге. 2019 жылы жергілікті бюджеттен 200,0 млн. теңге қарастырылған. Мердігер ұйым - «DK Proekt» ЖШС.
Пайдалуға беру мерзімі – 2020 жыл.

4)»ШҚО Глубокий ауданы Глубокий ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы»
Тапсырыс беруші – «Глубокий ауданының сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімі» ММ. Жоба бойынша мемлекеттік сараптама оң корытындысы 2015 жылғы 28 желтоқсанда №06-0392/15 алынған. Мердігер ұйым «Енбек Өскемен» РМК. Шарт бойынша жалпы  құны - 298,1 млн. теңге. 2019 жылғы 25 ақпанына қаражат игерілмеді.
Пайдалуға беру мерзімі – 2019 жылғы мамыр.

- 1 ветеринария объектісі:
1) «Өскемен қаласы Аврора 181/2 көшесіндегі ғимаратты ШҚО көпсалалы сапа инспекицясы зертханасына қайта жаңғырту»
Тапсырыс беруші – «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ, мердігер ұйым «Енбек Өскемен» РМК. Шарт бойынша жалпы құны - 261,1 млн. теңге. 2019 жылға дейін - 233,7 млн. теңге игерілді. 2019 жылы жергілікті бюджеттен 27,4 млн. теңге қарастырылған. 2019 жылғы 25 ақпанына қаражат игерілмеді. Құрылыс монтаждау жұмыстары 90% орындалған.
Пайдалуға беру мерзімі – 2019 жылғы желтоқсан.

- 2 проблемалық объекті, соның ішінде:
- 1 қызмет көрсету саласының объектісі
1) ШҚО, Өскемен қаласындағы арнайы халыққа қызмет көрсету нысанының құрылысы
Жалпы құны - 1 024,8 млн. теңге. 2019 жылға дейін - 152,5  млн. теңге игерілді. 2019 жылға қаражат қарастырылмаған. Құрылыс монтаждау жұмыстары 14% орындалған. Қаражат бөлінбегендіктен, құрылыс-монтаждау жұмыстары тоқтатылды.
Өтпелі сома – 872,4 млн. теңге
Пайдалуға беру мерзімі – 2019 жылғы желтоқсан.

- 1 денсаулық сақтау объектісі
ШҚО, Семей қаласындағы өңірлік онкологиялық диспансерінің радиологиялық орталығының құрылысы
Жалпы құны - 6 040,4 млн. теңге. 2019 жылға дейін - 6 040,4 млн. теңге игерілді. 2019 жылға қаражат қарастырылмаған.
Объектінің құрылысын аяқтау және пайдалануға беру Жол картасы әзірленген. Жол картасының тармақтарын орындау мақсатында Басқармамен құрылысы аяқталмаған объектіні қабылдау және консервациялау жұмыстары атқарылды. Нысанды күзету ұйымдастырылды. Қазіргі таңда объектінің құрылысын аяқтауға ЖСҚ әзірлеудің құны анықталды. 2019 жылғы ақпан айында ЖСҚ әзірлеуге 80 млн. теңге бөлінді. Объекті құрылысын аяқтау бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

  • Строительство объектов
    Спортивный модуль в с. Аксуат Тарбагатайского района
  • Строительство объектов
    Строительство средней школы на 300 мест с. Таврическое Уланского района
  • Строительство объектов
    Строительство школы на 300 учащихся в селе Жетыарал Тарбагатайского района
  • Строительство объектов
    Строительство средней школы на 320 мест в с.Урджар Урджарского района
  • Строительство объектов
    Реконструкции здания административно-бытового корпуса Греховского рудника в п. Грехово Зыряновского района
  • Строительство объектов
    Строительство средней школы на 320 мест в с.Кабанбай Урджарского района
  • Строительство объектов
    Строительство средней общеобразовательной школы на 600 мест с государственным языком обучения в г.Курчатов
  • Строительство объектов
    Строительство средней школы на 320 мест в с. Жана тилек Урджарского района ВКО
  • Строительство объектов
    Строительство средней школы на 320 мест в с. Жана тилек Урджарского района ВКО
  • Строительство объектов
    Строительство средней школы на 320 мест в с. Жана тилек Урджарского района ВКО
  • Строительство объектов
    Строительство средней школы на 320 мест в с. Жана тилек Урджарского района ВКО
  • Строительство объектов
    Строительство средней школы на 320 мест в с. Жана тилек Урджарского района ВКО
  • Строительство объектов
    Строительство средней школы на 320 мест в с. Жана тилек Урджарского района ВКО
  • Строительство объектов
    Реконструкция здания Затонского отдела полиции встроенным помещением под изолятор временного содержания
  • Строительство объектов
    Реконструкция здания Затонского отдела полиции встроенным помещением под изолятор временного содержания
  • Строительство объектов
    Реконструкция здания Затонского отдела полиции встроенным помещением под изолятор временного содержания
  • Строительство объектов
    Реконструкция здания Затонского отдела полиции встроенным помещением под изолятор временного содержания
  • Строительство объектов
    Реконструкция здания Затонского отдела полиции встроенным помещением под изолятор временного содержания
  • Строительство объектов
    Реконструкция здания Затонского отдела полиции встроенным помещением под изолятор временного содержания
  • Строительство объектов
    Реконструкция здания Затонского отдела полиции встроенным помещением под изолятор временного содержания
  • Строительство объектов
    строительства средней школы на 600 мест пос. Бобровка г. Семей ВКО
  • Строительство объектов
    строительства средней школы на 600 мест пос. Бобровка г. Семей ВКО
  • Строительство объектов
    строительства средней школы на 600 мест пос. Бобровка г. Семей ВКО
  • Строительство объектов
    строительства средней школы на 600 мест пос. Бобровка г. Семей ВКО
  • Строительство объектов
    строительства средней школы на 600 мест пос. Бобровка г. Семей ВКО
  • Строительство объектов
    строительства средней школы на 600 мест пос. Бобровка г. Семей ВКО
  • Строительство объектов
    строительства средней школы на 600 мест пос. Бобровка г. Семей ВКО
  • Строительство объектов
    строительства средней школы на 600 мест пос. Бобровка г. Семей ВКО
  • Строительство объектов
    строительства средней школы на 600 мест пос. Бобровка г. Семей ВКО
  • Строительство объектов
    публикация в новостях и в разделе строительство, детский сад в г. Риддер
  • Строительство объектов
    публикация в новостях и в разделе строительство, детский сад в г. Риддер
  • Строительство объектов
    публикация в новостях и в разделе строительство, детский сад в г. Риддер
  • Строительство объектов
    публикация в новостях и в разделе строительство, детский сад в г. Риддер
  • Строительство объектов
    публикация в новостях и в разделе строительство, детский сад в г. Риддер
  • Строительство объектов
    публикация в новостях и в разделе строительство, детский сад в г. Риддер

 

 


Мұрағат

  Нысандар құрылысы
2018 ж.
2017 ж.
2015 ж.
2014 ж.
     
Шығыс Қазақстан облысында 2016 жылы әлеуметтік-мәдени маңызды 26 объектінің құрылысы жүргізілуде *.doc 31 Kb
2015 жылғы әлеуметтік маңызды объектілердің құрылысы бойынша 2014 жылдың осы кезімен салыстыру талдауы *.doc 51 Kb
2015 жылғы 9 айда пайдалануға енгізілген объектілер *.doc 66 Kb
   2015 жылға объектілер бойынша ақпарат *.doc 72 Kb
   Мониторинг строящихся и намечаемых к строительству (реконструируемых, расширяемых, модернизируемых, капитально ремонтируемых) объектов Восточно-Казахстанской области по состоянию на 15.08.2014 г. *.xls 594 Kb
   Шығыс Қазақстан облысы бойынша қолданысқа енгізілген нысандар жөнінде қала құрылысы кадастры өзекті базасына енген деректері (шілде 2014 ж.) *.xls73.5 Kb
   Шығыс Қазақстан облысы бойынша құрылыс салуға белгіленген нысандар жөнінде қала құрылысы кадастры өзекті базасына енген деректері (шілде 2014 ж.) *.xls 3.5 Kb
   
«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізіндегі 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасының шеңберінде салынып жатқан білім бері және денсаулық сақтау объектілерінің құрылыс барысы туралы ақпарат
Азаматтық, коммуналдық, әкімшілік-шаруашылық және әлеуметтік-мәдени маңыздағы құрылысы аяқталмаған нысандар бойынша ақпарат
Әкімшілік ететін бағдарламалар бойынша ақпарат
Мемлекеттік –жеке серіктестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу шеңберіндегі жобаларды іске асыру  туралы АҚПАРАТ
   Мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын пайдалануға берілетін нысандар бойынша АҚПАРАТ
   Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын білім беру нысаналарын қолданысқа беру туралы АҚПАРАТ  
   Енгізілетін білім беру нысаналары бойынша АҚПАРАТ  
   Шығыс Қазақстан облысының нысаналарын қаржыландыру туралы анықтама
Парақтар өзгертілді: 10-10-2019
GISMETEO: Погода по г. Усть-Каменогорск


Copyright © 2007-2019

Мерекенова
Назым Сагынышбековна

e-mail: stroiarhvko@mail.ru
тел. 87232 266-546