ШҚО құрылыс, сәулет
және қала құрылысы басқармасы
мемлекеттік мекемесі
На главную
Подписка на новости
Написать письмо
Карта сайта
Kaz Rus

ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы қызметкерлері ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында семинар өтті

ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы қызметкерлері ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаты» іс-шарасы өтті. Аталмыш шараға «Шығыс адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қатысты. Айта кету керек, шара Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2019 жылғы 14-16 қазан күндері жалпы республикалық «Адалдық сағаты» іс-шарасын жариялау аясында ұйымдастырылып отыр.
Семинар барысында адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты көптеген адами қасиеттер туралы сөз қозғалды. Аталған құндылықтарды қоғамда насихаттау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлықпен күреске бір кісідей атсалысып, өзінің барлық күш - жігерін, білімі мен тәжірибесін аянбауы қажет.
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы ШҚО филиалының білім бағдарламалары кабинетінің профессоры психолог Галина Грызунова қатысушылар арасында арнайы әзірленген кейстер арқылы әрбір мемлекеттік қызметкердің адалдық шкаласын зерттеуге бағытталған сауалнама жүргізді.

семинар

семинар

семинар

семинар

семинар

Парақтар өзгертілді: 17-10-2019
GISMETEO: Погода по г. Усть-Каменогорск


Copyright © 2007-2019

Мерекенова
Назым Сагынышбековна

e-mail: stroiarhvko@mail.ru
тел. 87232 266-546