ШҚО құрылыс, сәулет
және қала құрылысы басқармасы
мемлекеттік мекемесі
На главную
Подписка на новости
Написать письмо
Карта сайта
Kaz Rus

«Әлеуметтік-мәдени саладағы объектілердің құрылыс барысы туралы» ақпарат

2019 жылы жалпы құны 58 483,7 млн. теңге болатын 16 әлеуметтік-мәдени сала объектілерінің (11 өтпелі объектілер, 5 жаңа құрылыс объектілері) құрылысы жүзеге асырылуда. 2019 жылға дейін 24 680,6 млн.теңге (ҰҚ – 115,1 млн.теңге, РБ – 10 274,9 млн.теңге, ЖБ – 14 290,6 млн.теңге) игерілген. 2019 жылға 27 143,8 млн. теңге (РБ – 7 176,2 млн.теңге, ЖБ – 19 967,6 млн.теңге) қарастырылған, оның ішінде 2019 жылғы 1 қазанға 24 987,8 млн.теңге (РБ – 5 958,7 млн.теңге, ЖБ – 19 029,1 млн.теңге) игерілді. Жылдың соңына дейін 2 155,9 млн.теңге игерілуі қажет.

2020 жылға өтпелі қаражат көлемі 6 659,3 млн. теңгені құрайды.

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының шеңберінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде 1 320,7 млн. теңге көлемінде қаражат Үржар
(316,9 млн. теңге) және Күршім (200,0 млн. теңге) ауылындарындағы екі жүзу бассейнінің, Көкпекті (403,8 млн. тенге) ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және Глубокое кентіндегі (400,0 млн. теңге) Мәдениет үйінің құрылысына қарастырылған.

2019 жылдың қорытындысы бойынша 9 әлеуметтік-мәдени сала объектілерін пайдалануға беру жоспарланған. 2019 жылдың 1 қазанына Өскемен қаласы Уалиева көшесіндегі 1000 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 8 объектіні пайдалануға беру жоспарлануда, соныі ішінде: Өскемен қаласындағы және Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы 2 мектеп, Өскемен қаласы Новая Согра кентіндегі
«№23 орта мектеп» КММ қосымша корпус, Өскемен қаласындағы
200 орындық қалалық балалар ауруханасы, Абай ауданы Кеңгірбай би ауылындағы 100 орындық клуб, Семей қаласындағы «Абай Арена» мәдени-спорттық кешені, Глубокое ауданы Глубокое кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Өскемен қаласындағы ШҚО сапа инспекциясының көп салалы зертханасы.

2020 жылға өтпелі болып 7 әлеуметтік сала объектісі қалды, соның ішінде: Глубокое ауданы Глубокое кентіндегі мәдениет үйі, Аягөз ауданы Ақтоғай кентіндегі және Көкпекті ауданы Көкпекті ауылындағы екі дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Үржар ауданы Үржар ауылындағы және Күршім ауданы Күршім ауылындағы екі жүзу бассейндері, Өскемен қаласындаға арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы, Семей қаласындағы радиологиялық орталық.

Парақтар өзгертілді: 10-10-2019
GISMETEO: Погода по г. Усть-Каменогорск


Copyright © 2007-2019

Мерекенова
Назым Сагынышбековна

e-mail: stroiarhvko@mail.ru
тел. 87232 266-546