ШҚО құрылыс, сәулет
және қала құрылысы басқармасы
мемлекеттік мекемесі
На главную
Подписка на новости
Написать письмо
Карта сайта
Kaz Rus

Жуырда «Алтай» телеарнасында тікелей эфир өтті

Жуырда «Алтай» телеарнасында «Аймақтағы құрылыс саласының қарқыны» тақырыбында тікелей эфир өтті. Эфир барысында ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Сырым Дүсіпов көрермендер мен тілші сауалдарына жауап беріп қайтты. Айта кету керек, аталмыш хабар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО Департаментімен бірлескен тележобасы.
Көпшілікті алаңдатқан – баспана бабы екені анық. Осы ретте Сырым Дүсіпов өңірдегі тұрғын-үй құрылысы қарқыны жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Мәселен нақты сандарға келер болсақ Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019 жылға арналған қорытынды жоспары 443,3 мың м2 құрайды.

Ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша 228 мың шаршы метрден астам (2719 пәтер) 46 көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған екен.
Тағы бір айта кетететін жайт, ол мемлекеттік бағдарламалармен салынып жатқан баспаналардың сапасы. Осы ретте Сырым Дүсіпов қабылданатын үйлердің сапасына қалай бақылау жүргізілетіні туралы тоқталып өтті.
Қазіргі таңда, облысы орталығында 19 шағын ауданында тұрғын үйлердің қолданысқа берілуіне байланысты балабақшадағы орындарға сұраныс артып, аталған мәселені шешуде бірқатар жобалар қолға алынған.
«Біздің басқармада 19 шағын ауданда әрбіреуі 240 орынға арналған 4 балабақша құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленген. Соның ішінде, бүгінгі күні Көкжал барақ көшесі, 73 мекен-жайында орналасқан балабақшаның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстың жоспардағы аяқталу мерзімі – 2019 жылдың желтоқсан айы. Қалған үш жоба бойынша инвесторларды анықтау жұмыстары жүргізілуде», - деп атап өтті Сырым Дүсіпов.
Эфир барысында көтерілген тағы бір маңызды жайт, ол ішінде көп балалы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі. Осы орайда өңірде «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар тілге тиек етілді.

«Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 1819 көп балалы отбасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрды. Мемлекет басшысы 3 жыл ішінде жоғарыда аталған санаттарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешуді міндет етіп қойды. Қазіргі таңда біз екі бағытта жұмыс атқарудамыз. Бұл әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, яғни, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша бастапқы жарна 10% болатын, жылдық жарна 2% төмендетілген мөлшерлемемен несиелік тұрғын үй сатып алу. Бүгінгі таңда аз қамтылған көп балалы 368 отбасы бірінші бағыт бойынша баспанамен қамтамасыз етілді. Осы жылдың соңына дейін тағы 143 аз қамтылған көп балалы отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Ал екінші бағытта, жеңілдетілген шарттармен әлеуметтік несиелік тұрғын үймен қамтамасыз ету», - деп атап өтті басқармасы басшысының орынбасары.

Студия қонағы сонымен қатар аудан-ауылдардағы әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысы, атап айтқанда білім беру ошақтары, денсаулық сақтау нысандары жайлы қарғынмен таныстырды. Мәселен, 2019 жылы облыс аумағында 16 әлеуметтік сала объектілерінің құрылысы жүзеге асырылуда. Өскемен қаласында 1 000 орындық мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жылдың соңына дейін бұдан басқа 7 әлеуметтік сала объектілерін пайдалуға беру жоспарланып отыр, соның ішінде: Өскемен қаласы Ахмер ауылындағы 1 000 орындық мектеп, Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы 600 орындық мектеп пен 300 орындық интернат, Өскемен қаласындағы «№23 орта мектеп» КММ қосымша корпусы, Семей қаласындағы «Абай-Арена» мәдени-спорт кешені, Абай ауданы Кеңгірбай би ауылындағы 100 орындық клуб, Глубокое ауданы Глубокое кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Өскемен қаласындағы 200 төсектік қалалық балалар ауруханасы.

 

Жуырда «Алтай» телеарнасында тікелей эфир өтті

Жуырда «Алтай» телеарнасында тікелей эфир өтті

Жуырда «Алтай» телеарнасында тікелей эфир өтті

Жуырда «Алтай» телеарнасында тікелей эфир өтті

 

Парақтар өзгертілді: 02-10-2019
GISMETEO: Погода по г. Усть-Каменогорск


Copyright © 2007-2019

Мерекенова
Назым Сагынышбековна

e-mail: stroiarhvko@mail.ru
тел. 87232 266-546